Қаз Рус
Call-центр: 61087

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев М. Әуезов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып шықты. Қазір республикалық маңызы бар А-15 яғни “Жызақ-Гагарин- Асықата- Жетісай- Сарыағаш -Жібек жолы- Қызыләскер” автомобиль жолының 88-90 шақырымында орта жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл мақсатқа 140 млн теңге бөлінсе, құрылыс жұмыстарын “Қазавтожол” АҚ Түркістан облыстық филиалы жүргізіп жатыр. Аудан әкімі мердігер мекеменің басшыларына жолдың сапалы болуын әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Ол сондай-ақ, Әуезов көшесінің ортасын бөліп тұратын аумақ пен көше бойларына қойылып жатқан бордюрларды тегіс әрі көрнекті орнатуды да жүктеді.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі