Қаз Рус
Call-центр: 61087

Аппараттық жиын өтті

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Бүгін Жетісай ауданының әкімімен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Солардың бірі – көгалдандыру абаттандыру мәселесі. Жыл басынан бері ауданымызда 40 мыңға жуық тал-дарақ егілген болатын. Осы тал-дарақтарды уақытылы суару мәселесі сөз болды. Қазіргі таңда Жетісайда ауа температурасы 40-45 градус аралығындағы аптап ыстық болуда. Осыған орай көше бойларында егілген ағаштарды аптасына 3-4 мәрте сурару көзделген. Аудан әкімі суару жұмыстары жүйелі әрі уақытылы болуын тапсырды.
Сондай-ақ, жиында ауыз су, тазалық, жол жөндеу жұмыстарының барысы, электрмен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Бұдан бөлек, аппарат жиынында атаулы әлеуметтік көмек, салық түсімдері, ағын су, мақта егістіктерін уақытылы суару жөнінде де сөз қозғалып, бірқатар тапсырмалар берілді.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі