Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жаңа жүйенің қыр-сыры түсіндірілді

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Бүгін Жетісай аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түркістан облыстық жобалық кеңсесі мамандарының қатысысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Шараға Түркістан облыстық жобалық кеңесінің инфрақұрылымды дамыту бағытының басқару тобының басшысы Мағжан Ғалымжан, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, қала, ауыл округтерінің әкімдері мен салалық бөлім басшылары қатысты.
Жиынның мақсаты – Түркістан облыстық жобалық кеңсесіне аудан –қалалардан ұсынылған мәліметтерді зерделеу, салыстыру. Осы мақсатта сөз алған Мағжан Ғалымжан жиналғандарға «BI-TRIX» жаңа жүйесінің тиімділігі мен жүзеге асыру жолдарын түсіндірді. Ол сондай-ақ, жол, құрлыс, сәулет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларындағы жобаларды категорияға бөліп қарастыру, жылжыту, іске асыру бағытындағы жұмыстардың қыр-сырын баяндап берді.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі