Қаз Рус
Call-центр: 61087

Ветеринария бөліміне жаңа басшы тағайындалды

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Бүгін Жетісай ауданы әкімінің өкімімен Шерзидан Әбдінасырұлы Сейтжанов Жетісай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Аталған ұжымға жаңа басшысыны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов пен Жетісай ауданы әкімінің аппарат басшысы Біржан райымбеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шерзидан Әбдінасырұлы Сейтжанов 1964 жылы 9 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қапланбек малдәрігерлік зоотехникалық техникумы мен «Әулие Ата» университетін бітірген. Мамандығы зоотехник, мал дәрігері.

Еңбек жолын 1982 жылы Большевик совхозында қарапайым жұмысшы болып бастаған.  1989-1996 жылдары аралығында малдәрігерлік дәріхана меңгерушісі, 1997-1999 жылдары Большевик совхозында мал дәрігерлік учаскесінің меңгерушісі, 2004-2006 жылдары Мақтарал аудандық аумақтық басқармасының шаруашылық меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы, 2013-2015 жылдары Мақтарал аудандық ветеринариялық қызмет Асықата кенті бөлімінің меңгерушісі, бас маман, 2015-2018 жылдары аралығында Мақтарал ауданының ветеринария бөлімінде бас маман, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Жетісай ауданының Абай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман- жер инспекторы лауазымын атқарып келді.

 

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі