Қаз Рус
Call-центр: 61087

Арыстықтармен біргеміз

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Қазір таңда Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға №1-ші  секторға жауапты Атырау облысы мен Жетісай ауданы да өздерінің үлесін қосуда. Бүгінде 1-ші секторға қарасты үйлердің ақауын анықтап, жөндеу жұмыстарын  Атырау облысы әкімдігінің мердігер компаниялары қарқынды жүргізуде.

Бұдан бөлек, Жетісай ауданы әкімдігі  секторға қарасты аймақты құрылыс қалдықтарынан тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Тәулігіне 450 тоннаға жуық құрылыс қалдықтары мен қиранды заттар тасымалданып жатыр.  Бұл мақсатта  10 техника тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, ауданнан бөлінген 50-ге  жуық маман бекітілген секторда күндіз-түні қызмет атқаруда. Қазір арнайы бекітілген мамандар үкімет тарапынан Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңге беру жөнінде қаулыға сәйкес құжат қабылдау рәсімдерін жүргізуде. Бүгіннің өзінде бектілілген секторда және әскери бөлімше маңындағы 666 үйдің 3376 тұрғынының құжаттары қабылданған. Сондай-ақ, мамандар секторға қарасты арыстықтарды азық-түлікпен қамту, анықтау, зерттеу, зерделеу сынды жұмыстарға көмектесуде.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі