Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жетісайлық екі түлек ҰБТ-дан 139 балл жинады

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы шықты. 22 -26 маусым күндері аралығында үш легте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысқан болатын. Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 67,7 пайызды құраса, орташа балл 79,7 пайызға жетті. 490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139-ды құрады.
Нақтырақ айтсақ, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының 2 түлегі Гүлжайна Бейсенбай мен Әсел Жүнісбекова ең жоғарғы 139 балл жинады. Бұдан бөлек, 151 шәкірт 120-дан жоғары, 339 оқушы 100-119 аралығында, 736 түлек 60 пен 99 аралығында балл жинаған. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 65,07 пайызды құрап, өткен жылға қарағанда 2,87 пайызға өскен.
Айта кетейік, жалпы биыл Жетісай ауданындағы 70 мектепті 2626 түлек бітірді. Олардың 1709-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, 1701 талапкер қатысты. Ал 8 оқушы ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілді.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі