Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жетісай ауданы арыстықтармен бірге

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Қазір барлық қазақстандықтар Арыс халқына барынша қол ұшын беруге тырысып жатыр. Қайырымдылық шаралардың саны күн санап артып отыр. Бұл елдің ынтымағы мен бірлігінің, бауырмалдығының белгісі.
Алғашқы күні 1 жүк көлігіне тиелген азық-түлік пен халыққа қажетті керек-жарақтар Монтайтас ауылындағы эвакуациялау орнына жеткізілсе, бүгін тағы екі жүк көлігімен азық-түлік жөнелтіліп отыр.
Бұдан бөлек, ауданда қауырт желі іске қосылды. Осының арқасында Арыс қаласынан бас сауғалап Жетісай ауданындағы ағайын-туыстарын паналап келген 100-ге тарта адамға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Оларға азық-түлік пен киім –кешек, медициналық көмек берілуде.