Қаз Рус
Call-центр: 61087

Электронды үкімет веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану» атты семинар-кеңес өтті

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Электронды үкімет веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Бұл іс-шараға Жетісай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі мұрындық болды.
Шараның мақсаты – жұртшылыққа электронды түрде мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігін насихаттап, «Адалдық алаңы» атты бағдарламаны кеңінен түсіндіру болатын. Сондай-ақ, шара барысында мемлекеттік қызметшілердің бос орындарының жәрмеңкесі де қоса ұйымдастырылды. Семинарға 150-ден астам Жетісай ауданының тұрғындары, ХҚКО- қызметкерлері, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекеме мен БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «е-gov» порталы арқылы алу», баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің өтініштерін қабылдауды және қызмет нәтижелерін беруді оңтайландыру жолдары түсіндірілді. Интернетке кіре алмайтын азаматтар үшін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы кеңес алу, веб-портал арқылы жұмыс жасауды үйрену мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмысы насихатталып, «Электронды үкімет» веб-порталының қызметі туралы әзірленген брошюралар таратылды.
Іс-шарада Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторының мамандары осы күні үйлену тойын өткізгелі отырған бір жас отбасыға неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар және түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызметін сол арада түсіндіріліп, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының “Халыққа кызмет көрмету бойынша”Жетісай аудандық бөлімінің мамандары онлайн тіркеу жұмыстарын сол арада жүргізді.
Бүгінгі күні әрбір Қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез – келген нүктесінен WWW. ЕGOV.KZ веб-порталы арқылы өтініш беріп, өзіне қажетті мекен-жайлық анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу, некені тіркеуге өтініш беруге, жүргізушілер – ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу және т.б. қызмет түрлерін алуына болады.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков