Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жетісай аудандық полиция бөлімінде халықтың кеңсе ашылды

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жанынан халықтық кеңсе ашылды. Кеңсенің ашылу салтанатына Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ермахан Әбдіраманов қатысты.
Бұл кеңсе азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында талап, тілектерін тыңдайтын, яғни тікелей полиция қызметкерлері мен халық арасында алтын көпір орнататын орын болмақ. Аталған кеңсе ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі “2019-2021 жылдарға арналған жол картасы” аясында іске асып отыр.