Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жетісай ауданында биыл 9 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Биылғы жылы Түркістан облысы Жетісай ауданында 9 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 4 млрд 631 мың теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 7 білім ұясының қрылысы басталып кетсе, 2 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы алдағы шілде айында басталады деп күтілуде. Жетісай аудандық құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың мамыр айына дейін игерілген қаржы 960 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, ауданда 3 инженерлік инфраструктура, 1 спорт нысанына және 1 жұмыспен қамту бөлімінің ғимараты мен 10 көп қабатты тұрғын үй құрылысына жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бұдан бқлек, 3 мектеп және 1 мүгедектер үйі құрылысына жоба сметалық құжаттары әзірлену үстінде.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі