Қаз Рус
Call-центр: 61087

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Құрметті жетісайлықтар!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Жеңіс мерекесі – қайсарлық пен табандылықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің өшпес көрінісі екені даусыз.
Ардагерлеріміздің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Сіздер бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шектіңіздер. Сондықтан да Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болып қала бермек. Біз бүгінгі ұрпақ сонау ақтаңдақ жылдардағы ел азаматтарының жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне әрдайым құрметпен бас иеміз, бас ие де береміз.
Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары азайып барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің қаһармандары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты міндетіміз.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіремін! Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев