Қаз Рус
Call-центр: 61087

Жетісайда ұлы жеңіс мерекесі аталып өтті

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Жетісай ауданында Ұлы Жеңістің 74 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық Жеңіс алаңында өткен мерекелік жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, қос майдангер-ардагеріміз Нәлібай Мамадалиев пен Петр Кузьмич және аудан қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтарды бір минуттық еске алу рәсімінен бастау алды. Аудан басшысы бастаған зиялы қауым өкілері «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойып, боздақтардың әруағына тағзым етті.
Аудан әкімі Жамантай Қанайұлы барша мерекеге жиналғандарды құттықтап, соғыс ардагерлерін «Достық» орденімен салнататты түрде марапаттады.
«Біз бүгінгі ұрпақ сонау ақтаңдақ жылдардағы ел азаматтарының жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне әрдайым құрметпен бас иеміз, бас ие де береміз. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары азайып барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің қаһармандары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты міндетіміз», – деді Жамантай Қанайұлы.
Салтанатты жиын одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Толарсақтан қан кештірген қасіретті соғыс жылдарынан театрландырылған көріністер қойылып, әскери патриоттық әндер шырқалды.
Жалпы 1418 күнге созылған қайғы-қасіреті мол екінші дүние жүзілік соғысқа Мырзашөл өңірінен 15 мыңға жуық сол кездегі жалындаған жастар аттанса, солардың небәрі 3932-сі ғана елге аман-есен оралыпты. Солардың ішінен 12 майдангерімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі