Қаз Рус
Call-центр: 61087

Ұлттық баяндама талқыланды

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

2019 жылдың 26 сәуір күні Жетісай ауданы активінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, қала, ауыл әкімдері мен дербес бөлім, мекеме басшыларының, маслихат депутаттары, мектеп директорларының, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг топ, «Түркістан – адалдық алаңы» аясында құрылған лекторлық тобы мүшелерінің және «Адалдық елшілерінің», аудан жастарының қатысуымен 2018 жылғы қорытындысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасын талқылау мәжілісі өткізілді.

Ұлттық баяндамада 2018 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асырудың тиімділігі мен нәтижелігіне кешенді талдау және оны жетілдіру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық ұсыныстары қамтылғаны жөнінде Жетісай аудандық мәслихатының депутаты М.Қалдыбаев, арнайы мониторинг топ мүшесі  Р.Наматуллаев өз пікірімен бөлісті.

Сондай ақ, Жастар ресурстық орталығының аудандық бөлімше басшысы, «Түркістан – адалдық алаңы» кеңсесі аясында құрылған  Жетісай аудандық «Адалдық елшісі» М.Бейсенбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық баяндамасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының даму кезеңдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы дамыту перспективалары мен үрдістері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар көрініс тапқанын атап, елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту үшін қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, сондай-ақ, қоғамдық бақылаудың маңыздылығын атай келе, одан әрі жұмысты жандандыру керектігін атап өтті.

http://kyzmet.gov.kz/kk/kategorii/nacionalnyy-doklad-o-protivodeystvii-korrupcii

 

«ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АЯСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ЛЕКТОРЛЫҚ ТОПҚА ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МҮШЕЛЕРІ

Аты-жөні Лауазымы Байланыс нөмірі
 
1 Бесенбаев Мұхтар Жастар ресурстық орталығының басшысы 8-707-919-71-99
2 Турсыметов Мурат Арнайы мониторингтік топтың мүшесі 8-702-277-77-65