Қаз Рус
Call-центр: 61087

«Түркістан-адалдық алаңы» аясында қоғамдық қабылдау өтті

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Бүгін Жетісай ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында қоғамдық қабылдау болып өтті.
Шараның мақсаты – азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттырып, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру. Осы мақсатты көздеген облыстық «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері Жетісай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында жергілікті тұрғындарды қабылдап, жан-жақты кеңес берді. Аталған шараға халықты әлеуметтік қамсыздандыру және дәрігерлік сараптама, аудандық емхана, салық орандары, жергілікті іші істер басқармасының мамандары және БАҚ өкілдері де қатысты.
Шара барысында 200-ге жуық жетісайлық тұрғындар өзекті мәселелері бойынша тиісті мамандардан жауаптар алды.
Қоғамдық қабылдаудан соң жұмысшы топ мүшелері Жетісай аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қорытынды жиналыс өткізіп, қоғамдық қабылдау барысында түскен ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс істеуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі