Қаз Рус
Call-центр: 61087

Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қызметкерлерімен келелі жиын өтті

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінде Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе қызметкерлері Бейсенбаева Гулмира Сембекқызы мен Усманова Мөлдір Алмабекқызының қатысуымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атта бағдарламалық мақалалары аясында 2019 жылы Жетісай ауданында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Аталмыш басқосуға аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары, БАҚ өкіллері қатысты.
Негізгі баяндамашы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбековтың мәліметінше өткен жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және насихаттау мақсатында 13 кіші бағдарлама бойынша 2137 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, 89 754 адам, яғни, аудан тұрғындарының 49,9 пайызы қатыстырылған.
Арнайы бекітілген кестеге сәйкес «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша өткізілген 1959 іс-шарада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы балаларына білім беру қорынан 33 276 385 теңге, демеушілер есебінен 1 857 470 теңге қаржыға 2309 оқушыға көмек көрсетілсе, 19 мектепке 112 млн теңгеге робототехника құралдары қойылған.
Сонымен қатар, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен жастарды спортқа баулу, елді мекендерді көркейту, мешіттерге демеушілік жасау, балабақша және қайырымдылық сынды 30 жоба, «Алтын ұям» жобасы аясында 5 жоба жүзеге асырылған.
Ал, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында 146 шара ұйымдастырылса, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында жергілікті басылым беттерінде 173, аудан әкімдігінің ресми сайтында 238, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда 95 мақала жарияланып, республикалық және облыстық телеарналарда 22 бейнесюжеттер көрсетілген.
Ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің қызметкерлері облыс аумағында өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Алдағы жоспарлармен бөлісті.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі