Қаз Рус
Call-центр: 61087

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

info Мақала екі тілде(қазақ және орыс) қол жетімді

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап 15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (Әдістеме сілтемесі).

Конкурс құжаттарын s.zhumabaev.@kyzmet.gov.kz  эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8 775 497 72 82 тел. нөміріне хабарласуға болады.