Қаз Рус
Call-центр: 61087

Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезекті қалай брондауға болады?

info Мақала екі тілде(қазақ және орыс) қол жетімді

Достар, егер сіз телеграм қосымшасының пайдаланушысы болсаңыз, ХҚО-ға барарда кезекті egovkzbot2.0 арқылы брондап көріңіз!
Ол үшін:
- EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
- Қызметтер ішінен  ХҚКО-ға кезекті брондауды таңдаңыз
- Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
- Қызмет түрін таңдаңыз
- Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көріңіз)
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!