Қаз Рус
Call-центр: 61087

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау» шараларын көрсету

info Мақала тек қазақ тілінде ғана қол жетімді

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                    6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығына сәйкес «Аудан көлемінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау» шараларын іске асыру мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін мамандардың назарына!

         Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға теңгемен                                15 (он бес) жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша бере отырып, кредиттік шарттар жасасу арқылы  берiледi.                              

        Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

     (Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша берешегі бар көрсетілетін қызметті алушыларға оларды толық өтеген сәтке дейін ұсынылмайды және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды)

       3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

       осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

      Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

          Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді:

      1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:

      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.

      2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:

      кепіл мүлкін бағалау актісі;

      кепіл мүлкін сақтандыру шарты;

      тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.

        Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы тапсыруларыңызға болатындығын ескере отырып, қосымша сұрақтарыңыз болса 8 (72534) 6-14-78 телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлаймыз.