Қаз Рус
Call-центр: 61087

Зейнетақы қоры

2005-2006 жылдары менің жұмыс берушім зейнетақы қорына жарна ретінде менің жалақымның көлеміне сәйкес келмейтін ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менің бұрынғы әріптесім айтты. Менің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Мен кенші болып жұмыс істеймін. Таяуда жұмыс берушім мен үшін өз қаражаты есебінен айлық табыстың 5 пайызы көлемінде Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуы керектігін естідім. Мен жұмыс берушінің осы жарналарды Қорға дер кезінде аударып отырғандығын қалай білуіме болады?

Биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуім керек. Туған күнім – 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүріп, бұл күні өтініш беріп үлгермеймін бе», – деп қорқамын. Егер өтінішті алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейін беруге болмайма? Өтінішті қайда беруім керек?