Қаз Рус
Call-центр: 61087

Мен зейнетақы шотымнан үзінді көшірмені БЖЗҚ сайтының жеке кабинетінен алып тұратынмын. Бірақ соңғы бірнеше айда жеке кабинетке кірмеген соң, паролімді ұмытып қалдым. Не істеймін, тағы да Қордың бөлімшесіне баруым керек пе?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөз (пароль) керек. Егер пароліңізді ұмытып қалсаңыз, онда қайта тіркеуден өтуіңіз қажет болады. Бұл үшін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіріп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтіп, Қордың дерекқорында тіркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетіп, «Жіберу» түймешігін басыңыз.  

Енгізілген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініште немесе хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімде көрсетілген деректермен сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректерді ұсыну қажет. Көрсетілген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келіп түскен бір реттік парольды алған соң, «Бір реттік пароль енгізу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бір реттік парольды енгізіп, жаңа пароліңізді тіркеңіз. Сөйтіп үзінді көшірмеге қол жеткізе аласыз.