Қаз Рус
Call-центр: 61087

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің 85 пайызын сандық форматта көрсетеді

Әлемде коронавирустық індетінің (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкіндіктері жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистері арқылы қызметтердің барлық спектрін алуға еш кедергі келтірмейді.

            2020 жылдың бірінші сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтің 84,5% (3,9 млн.)  электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 % құрады. Көріп отырғанымыздай, біздің салымшылар ақпарат берудің дәл осы тәсілінің тиімді екеніне күн сайын көз жеткізуде.

            Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өз жинақтарыңызды екі-үш рет басу арқылы онлайн тәртібінде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзінді көшірме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттің артықшылығы – оны Сіз www.enpf.kz корпоративтік сайтында да, біздің ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.

            Жеке кабинетте үзінді көшірме ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын басқа да бірқатар қызметтерді алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшіп-қонуға берілген өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар.

            Электрондық қызметтердің танымалдығына қарамастан Қазақстанда карантиндік шаралар мен төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін БЖЗҚ салымшыларына  кеңселерде де белсенді қызмет көрсетілді. 2020 жылдың алғашқы үш айында ғана филиалдарда 646 мың қызмет көрсетілді, бұл операциялардың жалпы көлемінің 13,9%. Бірінші тоқсанда, яғни ТЖ режимі енгізілгенге дейін 74 338 барып қызмет көрсетуі жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 83,2% құрады. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 200 мыңнан астам азаматқа  6802 барып қызмет көрсететін презентация өткізілді.

           Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімінің жеңілдетілгеніне бір жылдай уақыт өтті. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу мақсатында жүгінудің қажеті жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты болмаса, қазір ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы үш айында 70 мыңнан астам зейнетақы шоты ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27,6%  жоғары.